Алматылық дәрігерлерге 15 миллиард теңгеден астам үстемеақы төленді
Алматылық дәрігерлерге 15 миллиард теңгеден астам үстемеақы төленді
274
оқылды

Коронавирус инфекциясы пандемиясы басталған кезде Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты медицина ұйымдарының COVID-19-ды жұқтырған науқастарды емдеген қызметкерлеріне жалақыларына қосымша үстемеақы төленді.

Барлығы 8 мыңға жуық медициналық қызметкері үстемеақы алды. Оның жалпы сомасы 15 142 760,1 мың теңге. Үстемеақының мөлшері дәрігерлердің қандай аймақта жұмыс жасағанына байланысты. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі «COVID-19 коронавирусына қарсы күресте эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан денсаулық сақтау қызметкерлерін қаржылай қолдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес төлемдерді беру үш тәуекел топтары бойынша жүзеге асырылды.    width= 1-тәуекел тобы (өте жоғары) – жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Бұлардың қатарына COVID-19 науқастарына медициналық көмек көрсетуге қатысқан жансақтау бөлімдерінің және басқа стацинарлардың қызметкерлері де қосылды. Осы тәуекел тобындағы бір қызметкерге берілетін үстемеақы көлемі ең төменгі айлықтық жалақының жиырма еселенген мөлшерінен аспады. Осы топтағыларға жалпы сомасы 6 795 746,1 мың теңге көлемінде үстемақы төленді. 2-тәуекел тобы (жоғары) – провизорлық стационарлардың, провизорлық бөлімдердің дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, жедел медициналық көмектің дәрігерлері мен фельдшерлері, оның ішінде амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері. Осы тәуекел тобындағы бір қызметкерге берілетін үстемеақы көлемі ең төменгі айлықтық жалақының он еселенген мөлшерінен аспады. Аталған топқа төленген үстемеақының жалпы сомасы 6 223 334,0 мың теңге. 3-тәуекел тобы (орташа) – карантиндік стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, жедел медициналық көмек бригадасының жүргізушілері, оның ішінде амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері. Осы тәуекел тобындағы бір қызметкерге берілетін үстемақы мөлшері ең төменгі айлықтық жалақының бес еселенген мөлшерінен аспады. Осы топтағыларға жалпы сомасы 2 123 680,0 мың теңге көлемінде үстемақы төленді.