Алматыда қалың қар түсті
Алматыда қалың қар түсті
254
оқылды

Қар жауа бастаған сәттен көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға, жолайрықтарының кіре берістеріне мұзды ерітетін материалдар себілді. Түскен қар бірден сыпырылып, тазартылды. Көктайғаққа қарсы 2650 м3 мұзға қарсы материалдар қолданылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ «қалталарын», жер үсті өткелдерін, саябақтар мен скверлерді қардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр.    width= Таулы, тау бөктеріндегі аудандарда, сондай-ақ жаяу жүргіншілер аймақтарында жауған қар бірден сыртқа шығарылуда. Таңғы «қарбалас сағатта» қар тазалау жұмыстары аяқталған соң сағат 9.00-ден бастап жол полициясы патрульдік машиналарының еріп жүруімен қар тазалайтын колонналар ұйымдастырылды.   https://www.youtube.com/watch?v=BjlVhB_kbUA&ab_channel=AikynGazeti Қазгидрометтің болжауы бойынша бүгін ауа температурасы күндіз минус 2 градусқа дейін болады.