Қазақстанда жемқорлық қай салада жиі кездеседі?
Қазақстанда жемқорлық қай салада жиі кездеседі?
283
оқылды

Бұл туралы Transparency Kazakhstan-ның атқарушы директоры Ольга Шиян ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

«Мониторинг былтыр күзде жүргізілді. Республика бойынша 9 мың респонденттің пікірін сұрадық. «Ашық диалогтан» бір жарым мыңға жуық арыз-шағымды зерттедік. Зерттеуге 200-дей сарапшы асталысты», – деді.

Оның айтуынша, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Атырау облысының тұрғындары жемқорлыққа қатысты жиі шағымданады.

«Аймақ тұрғындарының 11,3% -ы жемқорлыққа қатысты шағым айтқан. Әсіресе, ауруханалар, полиция, жер басқармасы, орталық кеңселер, мемлекеттік балабақшаларда жемқорлық фактілері көп кездеседі, – деді Ольга Шиян.