Нұр-Сұлтанда өрт болды
Нұр-Сұлтанда өрт болды
145
оқылды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін таңертеңгі сағат 08:59-да Мәмбетов көшесі 1 аумағында Оқушылар сарайына жақын маңда сауда дүңгіршегі өртенді. Құтқарушылар өртті 09:12-де сөндірілді. Жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыды.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамның 2 техникасы мен 11 маманы жұмылдырылды.