«АрселорМиттал Теміртаудың» шахтасында оқыс оқиға болды
«АрселорМиттал Теміртаудың» шахтасында оқыс оқиға болды
175
оқылды

Бұрғылау бригадасы шахтадан жер бетіне шығарылды.

Бұрғылау қондырғысының машинисі шыға алмай қалды.

«Апатты жою жоспары іске қосылды. «РЦШП ВАСС» ЖШС Қарағанды филиалының авариялық-құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр. Оқиға кезінде шахтада 3-ауысымның 137 қызметкері болған. Олардың 136-сы жер бетіне шығарылды», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Аппаратура көрсеткіштеріне сәйкес, шахтаның тау-кен қазбаларындағы газ жағдайы қалыпқа келтірілді. Авариялық-құтқару жұмысы жүргізіліп жатыр. Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қарасты Ленин атындағы шахтада болған жазатайым оқиғаны тексеру бойынга комиссия құрылды. «Ленин атындағы шахтада болған жазатайым оқиға фактісі бойынша Қарағанды облысының Бас мемлекеттік еңбек инспекторының өкімімен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өкілінің төрағалығымен комиссия құрылды. Оның құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы, кәсіподақ ұйымының өкілі және жұмыс беруші енгізілді. Оқиғаның мән-жайы арнайы тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін белгілі болады. Нәтижесі туралы қосымша хабарлаймыз", - деп мәлімдеді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА, Қарағанды облысы