Дубайдан келген жолаушылардан коронавирус анықталды
Дубайдан келген жолаушылардан коронавирус анықталды
188
оқылды

Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, Қазақстанға 1 379 жолаушы ұшып келген.

Оның 1 190-ында коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. 189 адам анықтамасыз келген. Атап айтқанда, Алматы қаласының әуежайына 6 рейс қонған. Барлығы 610 жолаушы, оның ішінде анықтамамен – 570, анықтамасыз – 40; – Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 540 жолаушы, анықтамамен – 391, анықтамасыз – 149; – Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 132 жолаушы анықтамамен келді; – Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 97 жолаушы анықтамамен келді. Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары ПТР тест тапсырды.

Ал 12 қаңтар күні Қазақстанға ПТР анықтамасыз ұшып келген Қазақстанның 94 азаматының тест нәтижесі дайын болды. «Дубай – Алматы» рейсінің 2 жолаушысынан коронавирус анықталды.