Өнер жұлдыздарын қызметке тартудың себебі неде?
Өнер жұлдыздарын қызметке тартудың себебі неде?
523
оқылды
қызмет (1) «Бүгінгі мен жайлы жарияланған жаңалық бірін таңырқатып, бірін жабырқатып, ал енді бірін шынайы қуандырып жатыр. Иә, рас, Шымкент қаласының басшылығы, мәдениет саласының жетекшілері аталмыш қызметті ұсынды! Мен бірден келісе салған жоқпын. Басқарма басшылығы маған саланың тыныс-тіршілігімен жете танысуға мүмкіндік берді. Тап қазір сала жұмыстарына зер салып, мемлекеттік қызметке орналасу үшін тапсыруға тиіс тестке дайындық үстіндемін. Жазбалардан «заң мен құқықтан хабарсыз» деген пікірлерді көзім шалды. Аталмыш тест барлық заңдық және құқықтық нормативтерді қамтиды. Сондықтан сәл сабыр етіп қояйық! Жақсы хабардың бәрі алда! Менің басшылық лауазымға қол жеткізуіме ешқандай конституциялық шектеулер мен заңды құқығымнан айыру шешімдерінің жоқтығын ескерсек, орынбасар қызметіне тағайындалуым жұртты алаңдатпауы керек деп ойлаймын! Осыған дейін 25 жыл үлкен сахнада жүріп бүтін басқарма істейтін жұмыстарды, бүтін құрылым жасайтын есептік концерттерді өзім жасадым! Бұл қызмет – маған ұсынылған алғашқы лауазым емес! Бұған дейінгі ұсыныстардан жастығымды, албырттығымды алға тарта отырып бас тартқанмын! Қазір менде бәрі басқаша, көзқарасым да, ойлау-бағалау дәрежем де! Жылдармен бірге пайым-парасатым да жетіліп, кемелдене түсудемін! Менікі «ұялмаған бұйырмағанды алады» емес! Кейбір кісілерге айтарым: некелерімде санамай, баталарыңызды беріңіздер!», − дейді әнші.

Қызмет те сынақ...

Республикалық қала мәртебесін алған Шымкент шаһарына қоныс аударып жатқан өнер жұлдыздарының көші мұнымен тоқтаған жоқ. Жақында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қаладағы Опера және балет театрының жаңа басшысы болып Майра Мұхамедқызы тағайындалғанын мәлімдеді. Кейін опера саңлағының өзі оқырмандарына былай деп жазба қалдырыпты: қызмет «Шымкент опера балет театрының директор қызметіне ұсыныс түскенде бұл Алла Тағаланың маған берген сынағы ма, әлде сияпаты ма деп қатты толғанып, ойландым. Алдымда қатпар-қатпар қиындық пен асулар тұрғаны анық. 30 жылдан астам уақыт операның қайнаған ортасында жүріп жілігін шағып, майын ішіп, қыр-сырын білген маған бұл тағдырдың маңдайыма жазған тосын сыйы емей не? Әр істің өз маманын өз орнына әкеп отырғызу да көрегендік пен білімділіктің нышаны. Профессионалдық талғамдарына алғыстан басқа сөзім жоқ», − дейді Майра Мұхамедқызы.

Шығармашылыққа кедергі емес

2019 жылдың күзінде қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, «Музарт» тобының солисті Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласы әкімінің мәдениет саласы бойынша штатан тыс кеңесші қызметіне тағайындалды. Бұл ақпаратты қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өзі жариялаған болатын. Өткен жылдың соңында «Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» директоры қызметіне тағайындалды. Әнші Шымкентте басшылық қызметке ауысуына байланысты отбасымен бірге оңтүстік өңірге көшті.  Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында бұл қызметке қалай тағайындалғаны туралы кеңінен айтып берді. С. Майғазиев бұған дейін екі жылдай Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында қызмет етті. Шығармашылық пен халықаралық қатынастар бөлімінің проректоры қызметін атқарды. Кейін Шымкент қаласы мәдениет басқармасының басшысынан қызметке шақырту алады.   «Ұсыныс түскен кезде таңғалдым. Алматыдан Шымкентке бару жағы да ойландырды. Бірақ ол өзімнің туған жерім, бір жағынан анамды қуантқым келді. Анам қазір Созақ ауданында тұрып жатыр. Анама бір қадам жақындап, разылығын алғым келді. Мұны естіген анам да «жақын болғаның, тіпті жақсы» деп қуана кетті. Алдағы уақытта Қазақстанның қай өңірі болса да, оң жамбасыма келіп жатса, барып жұмыс істеуге дайынмын. Бастысы, қазақ игілігіне, қазақ өнеріне пайдам тисе болғаны. Шақыртуды құп алуыма да осы себеп болды. Бұған дейін де маған шақыртулар түскен еді. Ол кезде бұл лауазымнан жоғары қызметті ұсынды. Жіпсіз байланып қалатындай болдым. Сол себепті келіспедім», − дейді әнші. Оның айтуынша, жұмыстың көптігі оның шығармашылығына кедергі келтірмейді.

Жұлдыздарға ерекше жағдай жасайтын мүмкіндік жоқ

Соңғы уақытта өнер жұлдыздарының Шымкент қаласында жиі қызметке тағайындалу себебін қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқаннан сұраған едік.   «Шымкент қаласын республикалық маңызы бар қала жасау үшін бұл жерде Қазақстанға танымал тұлғалар жұмыс істеуі керек. Шымкентте еліміздің әр өңірінен келетін студенттерге тартымды оқу орны болуы тиіс. Түкпір-түкпірден келетін науқастарды қабылдай алатын деңгейдегі медицина мекемелері қажет. Бұған дейін Алматы, Нұр-Сұлтан қаласында зәулім үйлер салған құрылыс компаниялары Шымкентте ғимараттар салуы тиіс. Осының барлығы Шымкент қаласын республикалық маңызы бар қалаға айналдыру идеясы төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстар. Оның ішінде өнер адамдарын мемлекеттік қызметке емес, үлкен өнер ұжымдарын басқаруға шақырдық. Мысалы, Сәкен Майғазиев өзіміздің Созақтың тумасы. Өнері мен адамгершілігі өз алдына, халықтың зор ықыласына бөленген азамат. Біздің ұсынысымызды қабыл алып, қаладағы өнер ұжымының басшылығына келді. Сол сияқты Майра Мұхамедқызы да біздің Опера және балет театрын басқаруға келісті», − дейді қала әкімінің бірінші орынбасары. Оның айтуынша, осындай танымал тұлғалардың алдын көру үшін жастар Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына баруды армандайды. Сондықтан өнер майталмандарын Шымкентке шақыру арқылы жастарды көбірек тартуға мүмкіндік тумақ. Белгілі болғандай бұл бастама өнер саласымен шектелмейді. «Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков Шымкент қаласында спорт мектебіне басшылық қызметке келді. Басқа салаларға да білікті мамандарды тартуды жоспарлап отырмыз. Бұл кісілер бекітілген айлығын алады. Бізде қызметке шақырғандарды үймен қамтамасыз етіп ерекше жағдай жасайтын мүмкіндік жоқ. Алдағы уақытта ондай мүмкіндік болатын шығар. Ең бастысы ол кісілер үшін Шымкент қаласы үлкен сынақ алаңы, зор тәжірибе. Өнерімен, еңбегімен халыққа өздерін дәлелдеген тұлғалар енді шәкірт тәрбиелеу, білгенін үйретуге мән береді деп ойлаймын», − дейді Ш. Мұқан.

Басшылық қызметте жүрген отандық жұлдыздар

Басшылық қызметте жүрген өнер жұлдыздарының қатары толып келеді. Бұған дейін шығармашылық пен қызметті қатар алуға болатынын дәлелдеген жұлдыздардың тізімін ұсынамыз. Мөлдір Әуелбекова қызмет Мөлдір Әуелбекова 2018 жылдың сәуірінде «Қазақконцерт» бірлестігінің эстрада бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Келесі жылы аталған мекемедегі шығармашылық қызметтің басшысы қызметіне ауысты. Азамат Сатыбалды қызмет Азамат Сатыбалды 2018 жылдың желтоқсан айында  Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болып тағайындалды. Асылхан Төлепов   Асылхан Төлепов 2019 жылы «Алатау» дәстүрлі өнер және кино театры директорының орынбасары болып тағайындалды. Актер 2016 жылы Алматы қаласы Наурызбай ауданының мәслихат депутаттығына Nur Otan партиясының атынан үміткер ретінде тіркеліп ең жас депутат атанған еді.

Досымжан Таңатаров

  Мемлекеттік Күзет қызметі Президент оркестрінің әншісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров кезекті майор әскери шені атағын алды. Сәбит Әбдіхалықов   Сәбит Әбдіхалықов 2018 жылдың желтоқсанында Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры болып қызмет атқарған.