«Синьхуа» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған «ҚазАқпараттың» жазуынша, Қытайдың оңтүстігіндегі Гуйчжоу провинциясында көмір шахтасының опырылып құлауы салдарынан мерт болғандар саны 16-ға жетті.
Бұған дейін 14 адамның қайтыс болғаны және екі жұмысшының үйінді астында қалғаны хабарланған болатын.
Дереккөздің хабарлауынша, іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Апаттан шахтада қалған 23 адамның жетеуі құтқарылды.