Қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-4) ресейлік Умар Нурмагомедовпен (12-0) жекпе-жегінің үш күн ерте болатыны туралы айтты.
Морозов Instagram желісіндегі парақшасында БАӘ-де түскен жаңа фотосуретін жариялады. Айта кетелік, жекпе-жек шебері сонда дайындалып жатыр.
«Өздеріңіз білетіндей жекпе-жегімді 20 қаңтарға ауыстырды, мен дайынмын», – деп жазды Морозов.