Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» бүгін, 14 қаңтарда елордада «Салават Юлаев» (Қазан) командасымен кездесті
Командалар бұған дейін 10 ойын өткізген. «Барыс» соңғы 10 кездесудің 7-де басымдық танытты. Ал «Салават Юлаев» соңғы 10 ойында небәрі 3 рет қана жеңілді. Елордалық клуб 49 ұпаймен 16 орында тұрса, «Салават Юлаев» 58 ұпаймен 7 орынға жайғасқан.
Бүгінгі кездесуде ресейлік клуб сапынан Филип Ларсен 13-минутта есеп ашты. Одан кейін «Барыс» хоккейшілері Кирилл Панюков 22, Якоб Лилья 28, Никита Михайлис 29-минуттарда мергендігімен көзге түсті. «Салават Юлаев» ойыншылары Сакари Маннинен 32, Джефф Плэтт 37, Александр Алексеев 41-минуттарда гол соғып кетті. Ал Маркус Гранлунд 47-минутта «Салават Юлаевтың» басымдығын арттыра түсті. Қорытынды есепті 58-минутта реесйлік хоккейші Пётр Хохряков белгіледі. Ойында «Барыс» қарсыласынан 3:6 есебімен жеңіліп қалды.
Енді «Барыс» елордада 17 қаңтарда Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасын қабылдайды.