Жапонияда ер адамды сағатына 9 долларға жалдай аласыз: ол сіздің мұңыңызды тыңдап, тамақ дайындайды
Жапонияда ер адамды сағатына 9 долларға жалдай аласыз: ол сіздің мұңыңызды тыңдап, тамақ дайындайды
119
оқылды

Ерекше қызмет.

Таканобу Нишимото ерекше кәсіп ашты. 2012 жылы 50 жастағы стилист «Оссандарды жалға алу» онлайн қызметін тікелей Токиодағы үйінен іске қосқан, – деп хабарлайды lifter.com.

Жапонияда «оссандардың» жанама аты «ағалар», яғни орта жастағы кез-келген ер адам бұл қызметті атқара алады.

Бір сағатына 1000 иен (яғни 8,89 доллар) төлеп, «ағаңызға» мұңыңызды шағып, үйіңізді тазалатып, тамақ істетіп немесе кеңес сұрап тапсырыс бере аласыз.

Нишимотаның сөзіне қарағанда, Жапонияда орта жастағы еркектердің бойында біртүрлі стереотип жиі кездеседі: таз, сырадан қарыны шыққан, жеке гигиенаның болмауы ... 50 жастағы стилист өзінің стереотиптерімен күресу үшін осындай ерекше кәсіп түрін ашқан.

«Басында мен клиенттердің негізгі бөлігі жастар болады деп ойладым, бірақ бұл қызмет әсіресе 20 мен 50 жас аралығындағы әйелдер арасында сұранысқа ие болды», – дейді Нишимото.

Сұраныс та әр түрлі: кейбіреулерге кәсіби салада немесе махаббат тақырыбында кеңес қажет, ал басқалары концерттер мен барларда ілесіп жүргенді қажет етеді. «Оссандар» сонымен қатар клиенттерге жиһазды ауыстыруға және бөтен жігіттерді қорқыту үшін көмектеседі.

Нишимото клиенттеріне толық қауіпсіздікке кепілдік береді. Сондай-ақ, ол «оссандардың» қылмыстық іске қатысы болмауын жіті тексереді.

Бұл тұрғыда «оссандар» да қаіпсіздік үшін мүшелік жарна ретінде 88,89 доллар төлейді. Сонымен қатар, олар онымен жыл сайынғы келісімшартқа қол қоюы керек.

Қазір Нишимотоның сайты айына 900-ге жуық тапсырыс алады.

жапон1.jpg