UFC спортшыларына есірткі қолдануға рұқсат берді
UFC спортшыларына есірткі қолдануға рұқсат берді
218
оқылды
UFC ұйымдастырушылары спортшыларға марихуана пайдалануға рұқсат етіп, жарыстың допинг бақылауына өзгерістер енгізді,– деп хабарлайды Vesti.kz. Ендігіде тест сараптамасы марихуана қолданғанын көрсетсе, бұл ереже бұзу болмайды. Алайда спортшылар есірткінің бұл түрін көрсеткішін арттыру үшін қолданғаны анықталса, жазаға тартылады екен.
"Кейде марихуана қолданғанның ізі ағзада ұзақ уақыт сақталады", - деп атап өтті UFC вице-президенті Джефф Новицки. Ол спортшыларға марихуана әсерімен жұдырықтасуға рұқсат етілмейтінін атап өтті.
  2020 жылы желтоқсанда америкалық файтер Нико Прайс тест қорытындысы марихуана қолданғанын көрсеткені үшін жарты жылға шеттетілген. Одан бөлек Прайс 8,5 мың доллар айыппұл төлейді. Сонымен қоса, оның Дональд Серронемен кездесуінің нәтижесі жоққа шығарылды.