16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
209
оқылды
Еліміздің батыс аумағына Қара теңіз ауданынан келетін циклон өз әсерін тигізеді. Соның салдарынан қар мен жаңбыр жауады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 18 м/с, түнде Мұғалжар ауданында екпіні 23 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз – көктайғақ. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.