Бассейннен 21 жастағы қыздың денесі табылды
Бассейннен 21 жастағы қыздың денесі табылды
5,300
оқылды
Елордадағы спорт кешендерінің біріндегі бассейннен 21 жастағы қыздың мәйіті табылды.
«Осы жылдың 16 қаңтарында сағат 10-18-де полицияның кезекші бөліміне елордадағы спорт кешенінің бассейнінде қыз мүрдесі табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы ақпаратты растады», – деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Спорт кешені жаттықтырушысы бассейнде қыздың қозғалыссыз жатқанын байқаған. Жаттықтырушы судан шығарып, жасанды тыныс алдырып, жүрегіне масаж жасаған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері 21 жастағы қыздың қайтыс болғанын анықтады.
«Қайғылы оқиға кезінде бассейнде тағы 4 адам болған. Қаза болған қыз бассейнге бірреттік абонемент сатып алып келген. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», – деді ведомстводан.