Ипотекасы бар азаматтарға салық төлеуде жеңілдік жасалатын болды
Ипотекасы бар азаматтарға салық төлеуде жеңілдік жасалатын болды
5,211
оқылды

Жеке тұлғаның екінші деңгейлі банктерден (Отбасы банкінен басқа) алған несиесі бойынша сыйақы мөлшеріндегі салық шегерімдерін қолдануы 2025 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, түзетулер былтыр 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық кодексі мен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №382-VI заңына енген. Қазіргі уақытта жеке табыс салығын есептеу кезінде сыйақыға салықтық шегерім тек Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен («Отбасы банкі» ред.) алған несие бойынша ғана бар.

Бұған дейін көлік, мүлік салығы туралы жазған болатынбыз.