«Коронавирус бедеулікке алып келуі мүмкін» – Олжас Иманғалиұлы, уролог-андролог
«Коронавирус бедеулікке алып келуі мүмкін» – Олжас Иманғалиұлы, уролог-андролог
573
оқылды
– Аурудың бір ғана себебі болмайды. Оған бірнеше фактор әсер етеді. Біріншіден, ер баланың кішкентай кезінде гармондық ауытқуға ұшырауы. Бұл аталық безінің кішірейіп қалуына әсер етеді. Ер бала дүниеге келгеннен кейін аталық без өз қалтасына түсуі керек. Кейбір балада бұл процесс байқалмайды. Яғни, ішкі қуыста қалып қояды да өспей қалады. Осындай жағдайды туа пайда болған бедеулік деп атаймыз. Коронавирус Екіншіден, бедеулік жүре келе пайда болады. Мысалы, мектепте жасөспірім ер балаларды варикоз ауруына тексереді. Себебі, варикоцеле ауруымен ұзақ уақыт ауырса, тамырдың кеңуінен аталық бездегі сперматогенез процессі (ұлықты өндіру процессі) уақытша тоқтап қалуы мүмкін. Бұл аурудың екінші я болмаса үшінші сатысы анықталған жағдайда белсіздік болуы мүмкін. Үшіншіден, әртүрлі жыныстық ауруларды жұқтырудан пайда болады. Ер балалардың ерте жыныстық өмірге бет бұруы салдарынан жұқпалы ауру жұқтыру қаупінің артуы оның асқынып кетуі сынды жағдайлар бедеулікке алып келуі мүмкін. Бұл аурулардан уақытында емделмесе науқас простатитке шалдығады. Негізі простатит аяқтан салқын өткен кезде я болмаса қимыл-қозғалыссыз күні бойы отырып жұмыс істеген жағдайда жамбас қуысындағы қан айналымының төмендеуіне, қоюлануына байланысты қуық асты безіндегі сөлдің іркілуі, қабынуы пайда болады. Коронавирус (1) – Тәжірибеңізде қандай ауру түрлерін жиі кездестіресіз? Жұқпалы ауруларды таратушы көбіне ер адамдар ма, әлде әйелдер ме? – Жыныстық қатынас арқылы берілетін жұқпалы ауруларды негізінен тасымалдайтын ер адам. Мысалы, жеңіл жүрісті қыздарға баруы мүмкін. Дәстүрлі емес жыныстық қатынасқа түсуі мүмкін. Осының соңы әйелдің жатырындағы ұрықтың дамымай қалуына әкеп соғады. Күйеуінің бойындағы инфекция әйеліне берілгеннен кейін оның иммунды жүйесіне әсер етеді де бала дамымай түсік тастайды. Маған қаралуға келген әрбір он еркектің алтауында жыныстық инфекция кездеседі. Коронавирус – Сізге келушілердің жыныстық сауаттылығын қалай бағалайсыз? – Адамдардың жыныстық сауаттылығы өте төмен. Бұл аурулардан емделмесе белсіздікке апаратынын көптеген жігіттер біле бермейді. Көбі емделуге ақшасын қимайды. Маған Ақтөбе қаласынан бір азамат хабарласты. Онымен онлайн түрде қабылдау жүргіздім. Ол жігіттің айтуынша осыдан бір ай бұрын жеңіл жүрісті қызға барған екен. Бір аптадан кейін ол жігіттің жыныс мүшесінен ірінді бөлініс ағады. Бұл азаматымыз сауаты төмен болғандықтан дәрігерге баруға тіпті, дәрігерге барып дәрі сұрауға ұялады. Сөйтіп жарнамадан көрген шөп дәрілерге тапсырыс беріп 1 ай бойы қабылдайды. Осы уақыт ішінде ірің тоқтамайды. Сосын бізге хабарласады. Анализ тапсырғаннан кейін оның гонорея дейтін жыныстық инфекция жұқтырғанын білдік. Ауруға қатысты ем тағайындадық. Бір аптадан кейін науқастық жағдайы дұрысталды. Нұр-Сұлтан қаласынан 24 жастағы жігіт хабарласты. Құрлыста жұмыс істейді екен. Үш рет жыныстық қатынасқа түсіп инфекция жұқтырады. Салдарынан дәретке бара алмай қалған. Жағдайы қиын болғаны сондай ота жасауға тура келді. Осындай жағдай жиі кездеседі. Ең қызығы бәленің бәрін бүлдіріп алып «тез арада мені емдем бере сал» деп тұрады. Одан қалса дәрілердің бағасы қымбат деп ашуланатындары да бар. Меніңше ажырасуға негізгі себептің бірі баланың болмауы. Оның салдары осындай жеңіл жүрістен, ешнәрсенің байыбына бармаудан туындайды. «Біздің бір ауыз сөзіміз біреудің отбасын ажырастырып жіберуі мүмкін» – Жыныстық аурулардың 80%-ы жыныстық қатынас арқылы беріледі. Бірақ кейде отбасын сақтап қалу үшін өтірік айтуға тура келеді. Мысалы, Райымбек ауданынан ерлі зайыптылар қаралуға келді. Негізгі шағымдары бала сүйе алмай жүр екен. Ауылдың тұрғындары болғандықтан ақшалары жетпей қала ма деп жаным ашып «біреуіңіз ғана анализ тапсырыңыздар» дедім. Әйелі оның да тапсыруы керек екенін айтты. Сөйтіп екеуі анализ тапсырды. Әйелінен алты инфекция, еркектен бес инфекция шығады. Әйелден табылған инфекцияның біреуі күйеуінде жоқ және ол сирек кездесетін жыныстық аурулардың бірі екен. Дәрігер ретінде осындай жағдайдың не себепті туындағанын іштей жобаладым. Яғни, әйелі басқа біреумен жыныстық қатынасқа түсу арқылы аталған инфекцияны жұқтырып отыр. Бірақ оны ашып айтуға құқымыз жоқ. Тек ем тағайындап бердік. Олар ауылына кетті. Бір айдан кейін келіп нәтижесін тексеретін болып келістік. Бір айдан кейін еркектің өзі ғана келді. Әйелінің көзіне шөп салып жүргенін, өзінде белсіздік барын мойындады. Соңында ажырастып кеткенін айтты. Кейін барып инфекцияның қалай жұққанын түсіндірдім. Осындай оқиғалар өте көп. Қалай болған күнде де отбасын сақтап қалуға тырысамыз. – Жас айырмашылығы алшақ ерлі-зайыптылардың бала көтеруде қандай проблемалар туындауы мүмкін? Жалпы ер кісінің сперматозоидында уықыт өте келе зиянды гормондар, токсиндер көбейеді. Сөйтіп ересек адамның хромосомаларының құрылымы өзгеріп, мутацияға ұшырайды деген ақпарат бар. Бұл баланың дені сау болып тууына қаншалықты әсер етеді? – Ер адамның ағзасында сымбатты бұлшық ет сыйлайтын, еркектік мінез қалыптастыратын гармонның бірі – тестостерон. Оны гармондардың ішіндегі каролі десек те болады. Жас кезде адам ағзасында көп болады. Жас ұлғая келе гармон ағзадан кете бастайды. Мысалы, үйленгеннен кейін еркектердің қарны шығады, артық салмақ жинайды, өмір сүру салты өзгереді. Спортпен айналыспай, темекі, сыра, алкоголдік ішімдіктерге әуес болу, кальян, есірткі қолдану ұрық сапасына тікелей әсер етеді. Осы ретте дұрыс тамақтанбау жыныстық гармондарға ықпал ететінін бірі білсе, бірі білмейді. Бұндай жағдай әйелдерде де кездеседі. Мысалы, артық салмақ жинау, әйелдің балалы болу мүмкіндігінің шектелуі сынды белгілер пайда болады. Кезінде апаларымыз 10-15 баланы дүниеге әкелді. Денсаулықтары мықты болды. Өйткені табиғи өніммен тамақтанды. Қазіргі азық-түліктегі химиялық қоспалардың көптігі, фастфуд жеуді әдетке айналдырған жастардың дұрыс тамақтанбауы барлық аурудың туындауына себеп болып отыр. «Ауру астан» деген сөздің жаны бар. Айта кетерлігі, негізгі норма бойынша әйелдерде кіндік тұстан өлшеген кезде бел айналымы 79 см аспауы керек. Асып кеткен жағдайда қандай да бір гармондық ауытқу бар деген сөз. Ал еркектерде 93 см аспауы керек. Асқан жағдайда ағзаға инсулин гармоны жеткіліксіз деген сөз. Содан адамның миы тамақ, тәтті талап етеді. Артық салмақ пайда болады. Бұл қазіргі кезде еркектерде жиі кездесетін белсіздік ауруына алып кетеді. Еркек пен әйел арасындағы жас айырмашылығында ешқандай мәселе болмауы тиіс. Бізде 40-та да жас әйел алып жатқандар бар ғой. Барлығы салауатты денсаулық сақтауға байланысты. Ата-ана баласын қай кезде жыныстық сауаттылыққа үйретуі керек? Бұл қаншалықты маңызды? – Ата-ана баланың дамып келе жатқанын бақылап отыруы тиіс. Ол үшін балалардың гармондық жетілуін қарайтын эндокринолог маман бар. Енді өсіп келе жатқан балада қандай да бір ауытқу болатын болса оны дер кезінде анықтау, емделу кейін туындауы мүмкін жыныстық аурулардың алдын алады. Жасөспірімдерде жыныстық жетілу болған соң түрлі видеолар көру арқылы баланың психикасы өзгеруі мүмкін. Осы кезде ұл балалар әсіресе әкесіне жақын болуы керек. Одан ұялатын түгі жоқ. Осыны бала да, ата-ана да түсінбейді. Жасыратыны жоқ осы әдетке (видео көру арқылы мастурбация жасау) үйреніп қалған жігіттер көпке дейін үйленбейді. Маған хабарласатын науқастардың ішінде үйленгеннен кейін де осы әдетін жалғастыратындар бар. Шарасыздықтан әйелдері жылап хабарласатын кездер болды. Көбі бұл әдеттің бала кезден қалыптасып кеткенін айтады. Балаларға ашық болмаса да жанама түрде түсіндіру керек. Жыныс мүшемен ойнауға болмайтынын, сол арқылы ертең ұрпақ тарайтынын түсіндіріп айту керек. Оның асқынуы қандай ауруға айналуы мүмкін екенін ескерту керек. Мектеп кезінен бастап жыныстық қатынасқа түскен бойжеткен мен бозбалаларда белсіздік, бедеулік жиі кездеседі. Әйелдердің жатырында жыныстық аурулардың пайда болуы жатырдың қабынуына, эрозияның ерте пайда болуына, жыныстық аурулардың жатыр түтікшелерін бітеп тастауға әкеп соғады. Осыдан кейін бала көтеру мүмкіндігі төмендейді. Коронавирус – Коронавирус жыныстық аурулардың асқынуына әсер ете ме? – Бізде ем алып жүрген науқастарда коронавирустың белгілері анықталды. Ғалымдардың айтуынша, COVID-19 пандемиясының асқынуы жыныстық жолға, спермаға әсер етеді. Өйткені бұл да адамның ауыз қуысына түскен вирустың түрі. Тыныс жолдарын зақымдап қана қоймай қан арқылы бүкіл ағзаға өтеді. Жұқпалы жыныстық аурулардың қозуына әсер етеді. Бұның соңы бедеулікке алып келеді. – Алдыңызға ЖИТС (СПИД) жұқтырып келген науқастар бар ма? Жыныстық қатынасқа түспес бұрын СПИД-ке тексерілу қаншалықты маңызды? – Біздің клиникаға келіп ЖИТС (СПИД) анықталған жағдайда спидолог мамандарға жібереміз. Науқасты тіркеп бақылап отыру керек. Себебі, бұл ауру түрі анақталған жағдайда CD4 деген жасушаның деңгейін спидолог мамандар анықтап отырады. Бұл иммундық статусты көрсетеді. Оның мөлшері азайған сайын адамның өмірі де жылдан жылға кеми түседі. Қорғаныш жүйесі әлсіреген кезде адам кез-келген ауруға, әсіресе жұқпалы ауруларға (құрт ауруы, туберкулез, өкпе қабынуы) қабылдағыш болады. Ондай жұқпалы аурулар «оппортунистік» (қолайлы жағдайларды пайдалана білетіндер) деп аталады. Адамның иммунтапшылық вирусы (АИВ) жұққан кезде денесіне әртүрлі жара шығып бірден жүдеп кетуі, салмақ тастауы, тәбеті болмауы, әлсіздік болуы мүмкін. Бізде өзінің ауру екенін білмей тасымалдап жүргендер қаншама?! Сол үшін жылына бір рет тіркелген емхана бойынша аталған ауруға тегін тексерілу қарастырылған. АИТВ 3 түрлі жағдайда жұғады: 1) Жыныстық қатынас арқылы; 2) Қан арқылы; Шприц, ине және басқа да инъекция құралдарын ортақ қолдану; Тату пирсинг үшін залалсыздандырылмаған құралдар қолдану; Бөгде адамның қырынатын заттарын, көзге көрінетін қан қалдықтары бар тіс щеткаларын қолдану кезінде; Жұқпасы бар қан тапсырушының қанын құйғанда жұғуы мүмкін. 3) АИТВ – анадан балаға жүктілік, босану және емізу кезінде жұғады.