57 жасында бірінші рет жеке куәлік алды
57 жасында бірінші рет жеке куәлік алды
218
оқылды

СҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, 1964 жылы туған ер адам алғаш рет жеке куәлік алды.

Қызылжар ауданының тұрғыны жазасын өтеп жатыр. Оның құжаттарын рәсімдеп, жеке куәлігін алды.

«Өмірімде қиын жағдайға тап болдым. Құжат түгендеуге жағдайым келмеді. Кеңес заманында да паспортым да болған емес. Әскери билетімді жоғалтып алдым. Жеке куәлігім болмаған соң жұмысқа да орналаса алмадым. Әлеуметтік және медициналық көмектерді аламын», – деді ол.

Оның туыстары Ресейге көшіп кеткен.