Алматыда автобус қаққан әйел қайтыс болды
Алматыда автобус қаққан әйел қайтыс болды
164
оқылды

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 19 қаңтар күні таңғы сағат 7-де болған.

№ 81 автобустың жүргізушісі Емцов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Рысқұлов даңғылына қарай солға бұрылған кезде жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. 1974 жылы туған әйел алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Тергеу басталды.