«Мемлекеттік бағдарламамен үй әперемін» – Қызылордада алаяқ әйел ұсталды
«Мемлекеттік бағдарламамен үй әперемін» – Қызылордада алаяқ әйел ұсталды
185
оқылды

Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

Былтыр Қызылорда қалалық Полиция басқармасына бес тұрғын алаяққа алданғанын айтып, арызданған.

Тексеру барысында былтыр бір әйел өзін «Құрылыс басқармасының қызметкерімін» деп таныстырып, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуға көмектесетінін айтқан. Бес адамнан жалпы сомасы 2 500 000 теңге алғаны анықталды.

Жедел іздестіру нәтижесінде, полицейлер 1991 жылы туған, бұрын сотты болған қала тұрғынын ұстады. Алаяқ өз кінәсін мойындады. Тергеу басталды.