Тоқаевтың тапсырмасы: Биыл қызметкерлердің жалақысы тағы да көбейеді
Тоқаевтың тапсырмасы: Биыл қызметкерлердің жалақысы тағы да көбейеді
203
оқылды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қабылдауда Президент биыл бюджет саласындағы 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысын көбейтуді тапсырды.

«Оның ішінде, 785 мың педагогтың жалақысын 25 пайызға, 247 мың медицина қызметкерінің еңбекақысын 30 пайызға, әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік-медициналық мекемелердің 38 мың қызметкерінің жалақысын 45 пайызға дейін арттыру жұмысын жалғастыру аса маңызды», – деді.

Сондай-ақ Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа 26 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық барысы жайында да айтты.