Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Олимпиада чемпионына қатысты ресми мәлімдеме жасады
Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Олимпиада чемпионына қатысты ресми мәлімдеме жасады
5,231
оқылды
Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Олимпиада чемпионы қазақстандық ауыр атлет Ниджат Рахимов допингке қарсы ережелерді бұзды деген күдікпен уақытша шеттетілуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады. «2021 жылдың 18 қаңтарында Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясы Халықаралық тестинг агенттігінен Ұлттық құрама спортшысы Нижат Рахимовтың допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін айыптары туралы хабарлама алды. Оқыс оқиғаны тергеу кезеңінде спортшы барлық спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындарынан уақытша шеттетіледі. Допингке «нөлдік төзімділік» саясатын ұстана отырып, Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы объективті тергеу жүргізуде ITA-ға барлық қажетті қолдауды көрсетеді. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда біздің атлетке құқықтық көмек көрсетеді», – делінген мәлімдемеде.