Қуат Хамитов ісі бойынша сот отырысы неге кейінге қалды?
Қуат Хамитов ісі бойынша сот отырысы неге кейінге қалды?
180
оқылды

Қуат Хамитов сот отырысына қатысқан жоқ.

Адвокаттың айтуынша, спортшы техникалық ақауға байланысты онлайн форматта өткен сот отырысына қатыса алмады. Сондықтан сот отырысын кейінге қалдыруды сұрады. Енді сот отырысы нақты қашан өткізілетіні әзірге белгісіз. Адвокат Қуат Хамитовтің қайда жүргенін айтпады.

Кеше Алматы қаласында Қуат Хамитов ісі бойынша сот отырысы өтетінін жазған болатынбыз.