Заңсыз ойынхана ұйымдастырғаны үшін 4 жыл арқалады
Заңсыз ойынхана ұйымдастырғаны үшін 4 жыл арқалады
269
оқылды

Тергеу барысында Алматы қаласының тұрғыны заңсыз ойын бизнесін (электронды ойынхана) ашып, оның қызметін ұйымдастыру арқылы 31,1 млн теңге көлемінде заңсыз табыс тапқаны дәлелденді.

ҚР «Ойын бизнесі туралы» заңнамасының 6-бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан территориясында электронды және интернет ойынхананың қызметіне рұқсат етілмейді. Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген тексеру барысында белгілі болғандай, аталған азамат 4 ойын терминалын және 52 компьютерлік техниканы орнату арқылы ұтыс беретін құмар ойындарын, яғни электронды ойынхананың қызметін ұйымдастырып келген. Сот үкімімен ойынхананы ұйымдастырушы азамат ҚР ҚК 307 3-бабы 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.