Сағынтаев Алматыда эпидемиологиялық ахуал нашар екенін айтты
Сағынтаев Алматыда эпидемиологиялық ахуал нашар екенін айтты
294
оқылды

Еліміздегі ең ірі шаһарда осы күнге дейін коронавирус жұқтырған 20 635 жағдай тіркелді. Оның 12 927-і – сиптомды, 7 708-і – симптомсыз.

Инфекция негізінен қоғамдық орындарда жұғуда. 3-19 қаңтар аралығында қоғамдық орындарда (40,1%), отбасындағы КВИ науқаспен байланыс (27,4%), қалалық көлікте (22,8%), жұмыс орнында КВИ науқаспен байланыс кезінде (5,6%), шетелдерден және өзге өңірлерден әкелінген инфекция (2,6%). Инфекция жұқтырудың жағдайлары жас құрылымдары бойынша: 20-39 жастағылар – 34,7%; 40-59 жастағылар – 28,7%; 60 жас және одан үлкен жастағылар – 21,3%. Инфекциялық стационарларда 810 адам емделуде, оның ішінде 20 бала бар, 17 науқастың жағдайы өте ауыр, 147 науқастың жағдайы ауыр, 644-інің жағдайы орташа ауыр, 2 науқастың жағдайы жеңіл. Жазылып шыққандары – 82, ауруханаға түскендері – 112.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалықтарға санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.