Алматылық «Қайрат» неміс футболшысын «сатып» алды
Алматылық «Қайрат» неміс футболшысын «сатып» алды
327
оқылды

26 жастағы футболшының ресми сомасы жария етілмесе де, әйгілі Tranfermarket басылымы оны 1,2 миллион евроға бағалайды.

Штрели Мамба «Падерборн» клубынан бұрын «Штутгарт» жастар командасында ойнаған. Сондай-ақ, «Энерги» сапында өнер көрсетті. Ол өзінің мансабында әйгілі клубтарға гол соғып, көзге түскен. Солардың бірі дортмундтық «Боруссияға» жасаған дублі.

Ол өзінің мансабында Германияның әртүрлі лигаларында 199 матч өткізіп, 65 гол соққан. Шабуылшы ақпан айында "Қайрат" сапына қосылып, жаттығуды бастайды.

Еуропалық чемпионаттарда ойнау тәжірибесі бар аяқдоп шебері алматылық командаға тың серпін береді деген үміт бар.