Бұл туралы Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр айтты.
20-22 қаңтар аралығында қалада «Автобус» шұғыл-тексеру іс-шарасы жүргізілуде. Тексеру барысында Шаймерденов көшесі бойымен жүретін осы автобус та нысанаға ілінді.
«Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның автобус жүргізуге тиісті категориядағы құжаты жоқ екені анықталды. Оған 20 АЕК (58340 теңге) айыппұл салынды», – деді Ұлан Әбілқайыр.
Заң бойынша, жолаушылар тасымалдайтын автобусты D категориясы бар жүргізушілер ғана басқара алады.