Түрмеге есірткіні тіс жуатын пастаның ішіне жасырып жіберген
Түрмеге есірткіні тіс жуатын пастаның ішіне жасырып жіберген
230
оқылды

Оқиға Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде болды. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті хабарлады.

Мекеме қызметкерлері қамауда отырғандарға келген сәлем-сауқатты тексерді. Жіті тінту кезінде тіс жуатын 2 пастаның ішіне жасырылған есірткіні тапты.    width= Сәлемдеме бұрын сотты болған Ш. есімді азаматтан мекемедегі жазасын өтеушіге жолданған.

Сот сараптамасы нәтижесінде, тіс пастасына жасырылған заттың 17 грамм есірткі (гашиш – ред.) екені анықталды.

Заңды бұзған азаматты жауапқа тартады.

Бұған дейін түрмеге жолданған сәлемдеме ішінінен  телефон табылғаны туралы жазған болатынбыз.