Ауа райына байланысты жол жабылды
Ауа райына байланысты жол жабылды
146
оқылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Жамбыл облысының Түркістан облысымен шектесетін аумағында жол бөлігі жабық.

Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 536-593 шақырымында Айша бибі кенті – Түркістан облысының шекарасы аралығы жабылды.

Сондай-ақ Жамбыл облысынан бастап Машат кенті аралығында да көліктердің жүруіне шектеу қойылды.