ҚПЛ-да төреші болу оңай емес
ҚПЛ-да төреші болу оңай емес
479
оқылды

Футболда көбіне футболшылардың айлығы ашық түрде айтыла береді. Тренсферлік құны да жиі жарияланып отырады. Ал төрешілердің қанша гонорар алатынын көпшілігі біле бермейді. Өйткені бұл көп жағдайда құпия сақталады. Сондықтан әуелден «әділдіктің жаршысы» атанып кеткен, ойын кезінде футболшылардың тәртібін қадағалайтын «реферилердің» табысы жанкүйерлер үшін таңсық.

Бір нәрсе анық. Төрешілер айлыққа жұмыс істемейді. Олар әр матчтан соң тұ­рақты түрде гонорарын алады. Бұл – әлем­дік тәжірибе. Футболы дамыған барлық елде солай. Тек Англияда ғана арбитрлар әр ойынға берілетін гонорардан бөлек, жылдық жалақы алады екен. Өйткені ағылшын­дардың біріншілігі танымалдығы жағынан, деңгейі бойынша (АПЛ) әлемде бірінші орында тұр. Оған ешкім күмәнмен қарамай­ды да. Ал ол жерде төрелік етудің өзі жауап­ты міндет, үлкен абырой. Енді мына қызықты дерекке көз жүгір­тейік, Қазақстан Премьер лигасында бас төреші бір ойын үшін 196 020 теңге еңбекақы алады. Қапталдағы төрешілердің әрқай­сы­сына тиетіні – 108 900 теңге. Қақпа сыртын­дағы қосалқы арбитрлердің бір матчтық қызмет ақысы – 54 450 теңге. Резервтегі төреші қызметі үшін 21 780 теңге алатын болса, матч инспекторының гонорары – 98 010 теңге. Ал Бірінші лигадағы төре­шілердің қызметақылары біршама аз. Мәселен, бас төрешіге бұйыратыны 108 900 теңге болса, оның қос қапталдағы көмекшілері 54 450 теңгеден алады. Бұл 2017 жылы sportsarena.kz спорттық порталының таратқан ақпараты. Арада 4 жылға жуық уақыт өтті. Бүгінде аталған сома біраз жоғарылаған болуы керек. Өйткені 2017 жылдың өзінде төрешілердің еңбекақысы көбеюі мүмкін деген ақпарат шыққан. төреші Сол кездің өзінде көрші Ресейде бас төрешіге бір ойында 90 мың рубль берген. Біздің ақшаға шаққанда 502 200 теңге. Үздік бес чемпионаттың қатарына кіретін Фран­ция чемпионатында бас төреші бір ойынға 2 751 еуро алады. Италияның А сериясында бас төрешілердің бір матчтық қызметіне 3 400 еуродан төлейді. Испания Ла лигасында арбитрлер әр матчы үшін 6 мың еуродан алып отырады. Англияда арбитрлердің қызмет­ақысы әлгі елдерден едәуір аздау. Яғни, бір матчқа 1 180 фунт (1 280 еуро). Дегенмен оларға айына жалақы ретінде жылына 38,5 мың фунт беріледі екен. Бізге қолжетімді деректер легі шамамен осындай. Жасыл алаңда футболшылардың іс-әрекетін аңдып жүретін төрешілер еңбегі әр елде әрқалай бағаланады. Бұған қоса Әлемдік футбол қауымдастығының шығарған ше­шіміне сай Халықаралық футбол тарихы және статис­тикасы федерациясы (IFFHS) әр жылдың үздік төрешілер тізімін жариялап отырады. Оны 90 елдің сарапшылары мен таңдаулы журналистері анықтайды. Еуропа бойынша Матеу Лаос, Джюнейт Чакыр, Марк Клаттенбург, Феликс Брых, Виктор Кашшаи, Юнас Эрикссон секілді төрешілер әрқашан үздіктердің қатарына кіреді. Ал Азияда өзбекстандық рефери Равшан Ир­матов білікті төрешілердің алдыңғы көшін бастап тұр. Біздің елімізде ше? Қазақстанда Артем Кучин, Денис Измайлов бастаған тәжірибелі төрешілер үздік саналады. Сон­дықтан олар Суперкубоктың және Ку­бок­тық ойындардың финалында қазылық етеді. Сонымен қатар Еурокубоктық ойын­дардың іріктеу кезең­деріндегі көптеген матч­тарға (шет елдерде өтетін ойындарға) төрелік етіп жүр. Алғаш 2014 жылдың күзінен бастап Қа­зақстандық төрешілер УЕФА Еуропа Лига­сындағы топтық кезеңдегі матчтың бірін­де жұмыс атқарды. Берн қаласындағы (Швей­цария) Stade de Suisse стадионында өтетін жергілікті «Янг Бойз» бен «Слован» (Брати­слава, Словакия) арасындағы ойын­ның бас төрешісі болып Артем Кучин та­ғайын­далған болатын. Оған Евгений Бельс­кий мен Ана­толий Ходин көмектесті. Қо­сым­ша көмек­шілер ретінде Александр Гау­зер және Денис Измайлов та шақырылған. Төртінші төреші болып Сергей Васютин тағайындалды. Бұл ел футболы тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі десек те болады.

Біздің елде де шет елдердегідей әр ойын­нан кейін ҚФФ төрешілік сараптамалық комиссиясының отырысы өтіп, ойын кезінде болған күмәнді эпизодтар талқыланады. Айып алаңында бұзылған ережелер мен қабылданған шешімдерге қатысты мамандар кәсіби көзқарасын білдірді.

Ел біріншілігінде, яғни OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионатындағы ойындарға төрелік ететін бас қазылардың қатарында Денис Измайлов, Анатолий Вишниченко, Артем Кучин, Айдын Рахым­баев, Байымбет Сәкен, Бақыт Қызылбаев, Сергей Гороховодацкий және т.б. бір топ тө­ре­шілер бар. Ал нәзікжандылардан Эл­вира Мустафина, Кристина Янушкеевич, Наргиз Мағауи, Елена Алестратова секілді төрешілер қазылық етеді. Біздің елде де шет елдердегідей әр ойын­нан кейін ҚФФ төрешілік сараптамалық комиссиясының отырысы өтіп, ойын кезін­де болған күмәнді эпизодтар талқыланады. Айып алаңында бұзылған ережелер мен қабылданған шешімдерге қатысты мамандар кәсіби көзқарасын білдірді. Соған сай ойын­ға қазылық еткен төрешілерге баға бе­ріледі. Бұл туралы футболдан Қазақстан біріншілігінде төрелік етіп жүрген маман­ның өзі  әңгімеледі. – Бір ойынға төрелік етуге 5 адам бе­кітіл­еді. Бас қазы, запастағы төреші, және қос қапталдағы екі төреші. Ал ең жауаптысы – инспектор. Ол сол төрешілердің қызметіне баға береді. Соған байланысты бас қазының рейтингі түзіледі. Ол төрешілердің алдағы ойындарға төрелік етуіне де ықпалын ти­гізеді. Ал Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаменті ойын болардан бірер күн бұрын матчта қазылық қызметін атқаратын төрешілер тобын анықтайды, – дейді атын атамауын сұраған төреші. Әр ойында алатын гонорарын сұра­ғанымызда «қызметтік құпия» деп, бұл сұраққа жауап беруден бас тартты. Ол сөз арасында шет елмен салыстырғанда Қазақ­станда төреші болу қиын екенін жасырмады. Өйткені ішкі біріншілікте ВАР жүйесі пайдаланылмайтынын, оған сай жасыл алаңдардың да, стадиондардың да аз екенін қоса жеткізді. Сол себепті төрелік етуде біраз қиындықтар туындайды екен. төреші – Төрешілердің әр ойын сайын қанша алатынын айта алмаймын. Бірақ регламент бойынша екі Премьер лиганың командасы ойнаса Премьер лиганың гонорары төле­неді, ал Бірінші лига мен Премьер лиганың командасы ойнаса, Бірінші лиганың гоно­рары беріледі. Айтпақшы, төрешілер Қазақстан Премьер лигасында 45 жасқа дейін ғана төре­лік ете алады. Сондай өзгеріс енгізілді. Ал Бірінші, Екінші лигаларда жас шамасына аса қатты шектеу жоқ, – деп атап өтті ол. Төрешінің «ҚПЛ-да төрелік ету қиын» деген пікірін спорт журналисі Қуаныш Қап­пас та растады. Ішкі біріншіліктегі ойын­дарды көру үшін үлкен төзім керек дейді ол. Өйткені ел чемпионатында түсініксіз, күмәнді шешімдер қабылданатын кездер аз болмайды екен. – Маған ең ұнамайтыны, ҚПЛ-да төре­шілер көбіне бұра тартады. Қай команда мық­ты, кімнің ықпалы жоғары, соған жақ­тасады. Бір маусымның өзінде күмәнді эпи­зодтар көп тіркеледі. Пенальти беретін кезде бермей, жоқ жерден 11 метрлік айып соқ­­қысын белгілейтін төрешілерді байқап жүр­міз. Сары қағаздың орнына қызыл, қызылдың орнына сары қағаз беретіндері де бар. Өзге чемпионаттардағыдай бізде VAR да жоқ. Сосын осындай олқылықтар, қа­теліктер көп кетеді, – дейді Қуаныш. Қалай дегенмен де, төрешілердің жұ­мысы оңай емесі анық. Әсіресе, Қазақстанда өтетін ойындарға расымен шағым айтатын жан­күйерлер қарасы  көп. Оларды әр ойын сайын байқауға болады. Бірақ мұндай келеңсіздіктер шет елдегі біріншіліктерде де кездесіп жатады. Бәлкім, алаңдарымыз жақсарып, заманауи стадиондарымыздың саны артып, бірін­шілікке VAR жүйесі енгізілген кезде біздегі төрешілердің де жұмысы жеңілдеп, төрелік етудің сапасы жақсарар. Әзірге осы­ған да шүкіршілік етеміз.

АбылайханАбылайхан ЖҰМАШ