Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға 350 пәтер берілді
Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға 350 пәтер берілді
175
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін баспананың кілтін табыс етті. «Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан басталған – жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын жалғастырамыз. Бүгін оларға Алматы ауданы, Қордай көшесі, 76-үйде 350 пәтер берілді. «Қадамдық қолжетімдік» қағидатына сәйкес, үй маңында денсаулық сақтау және білім беру нысандары бар. Бұл аумақты көктемде абаттандырамыз: ағаштар отырғызып, орындықтар орнатамыз», – деп жазады қала әкімі. Оның айтуынша пәтерлер тек 5 жылға беріледі. Осы уақыт ішінде жұмыс істейтін жастар аяққа тұрып, басқа тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үшін қаражат жинай алады. 2021 жылдың соңына дейін оларға тағы 1050 пәтер беріледі.