Абу-Дабидегі Fight Island-да («Сарбаздар аралы») UFC 257 турнирі мәресіне жетті
Кештің басты жекпе-жегі ирландиялық Конор МакГрегор (22-4) мен америкалық Дастин Порье (26-6-1) жұдырықтасты.
Жекпе-жек екінші раундтың ортасына дейін ғана жалғасты. Дастин Порье техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Порье МакГрегорға 2014 жылы кеткен есесін қайтарды. Қос файтер арасындағы алғашқы жекпе-жекте Конор бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.
Осы кеш аясында Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов та өнер көрсетті. Жерлесіміз швед спортшысы Амир Альбазиге төрешілер шешімімен есе жіберіп, UFC-дегі екінші жеңілісіне ұшырады.
https://www.youtube.com/watch?v=pvvBLmZsG2M