Хабиб Нурмагомедов американдық аралас стильдегі күрескер (UFC) ирландиялық Конор МакГрегордың жеңілісі жайында өз ойын айтты.
"Егер сен команданы ауыстырып, сені чемпион еткен спарринг-серіктестерді тастап, шынайы жекпе-жектен қашып, жас балалармен спаррингке түссең осындай болады", – деп жазды Хабиб өзінің Twitter парақшасында.
https://twitter.com/TeamKhabib/status/1353235459388940289?s=20
24 қаңтарда Дастин Порье Абу-Дабидегі Fight Island-да («Сарбаздар аралы») абсолютті күрес чемпионаты (UFC) 257 турнирінің басты жекпе-жегінде Конор МакГрегорды жеңді. Жарыс 2020 жылдың наурыз айынан бастап алғаш рет көрермендердің қатысуымен өтті.
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек титулдық мәртебеге ие болмады, алайда UFC президенті Дэйна Уайттың айтуынша, жекпе-жектің жеңімпазы Хабиб Нурмагомедов иеленген чемпиондық белдікке үміткер болып саналады.