Автобусқа арнайы қалпақты жергілікті тігіншілер тіккен екен.
Автопарк директорының айтуынша, бұл бас киімді арнайы киім тегітен тігіншілер бонус ретінде тігіп берген. Қазір № 10, 21 маршруты қала маңындағы ауалдарға жүреді.
Жүргізушілер автобустардың жаңа жылдық безендірілуіне арналған сайысқа қатысып жатыр. Байқаудың нәтижесі 28-желтоқсанда белгілі болады. Онда да кәсіпорын басшылығы тұрғындар мен әлеуметтік желілерде жазылған пікірлерді ескереді.
– Біздің компанияда автобустардың жаңа жылдық безендірілуіне арналған байқау өтеді. Жеңімпазға ақшалай сыйақы беріледі, – деді №1 автопаркінің директоры Вадим Ковальчук.
Павлодарда ұйымдастырылған бұл сайыста автобусты негізінен жүргізушілер мен кондукторлар өздері безендіреді. Мысалы, бір автобус жарықдиодты жолақтармен жарықтандырса, енді бірі автобустың терезелеріне шыршаларды бейнелеп қойған.