Қазақстанда баланың қайда жүргенін анықтайтын «Тап мені» жүйесі іске қосылады
Қазақстанда баланың қайда жүргенін анықтайтын «Тап мені» жүйесі іске қосылады
168
оқылды

Елімізде баланың қайда жүргенін анықтауға мүмкіндік беретін «Тап мені» жүйесі іске қосылады. Бұл туралы  Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.

«Тап мені» – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе. Ол – Bluetooth желісінде жұмыс істейтін трекерлерді мониторингілейтін мобильді қосымша. Қосымша ата-аналардың смартфонына орнатылады. Ал трекерді баланың киіміне немесе мектеп сөмкесіне жапсырып қоюға болады. Баламен байланыс жоғалған жағдайда ата-аналары қосымшаның трекер шамшырағын іздеу режимін қосады. Сонымен қатар жүйе Жедел басқару орталығымен байланыстырылған. Демек, баланы іздеу туралы дабыл автоматты түрде полицияға да түседі», - деді Нұрділдә Ораз.