"Челси" Фрэнк Лэмпардты қызметінен босатты
"Челси" Фрэнк Лэмпардты қызметінен босатты
273
оқылды
«Челси» футбол клубы бас бапкер Фрэнк Лэмпардпен қош айтысқанын ресми түрде мәлімдеді. Басшылық футболшыларға таңертең базаға келмеу туралы бұйрық берген. Клуб әлеуметтік желідегі парақшасында бапкердің отставкасы туралы жазды. Енді оның орнын ПСЖ-ның бұрынғы бапкері Томас Тухель басуы мүмкін. Лэмпард бұл қызметке 2019 жылдың жазында тағайындалған болатын. Соңғы уақытта клуб басшылығының оның жұмысына көңілі толмаған. Бірақ кеше, 24 қаңтарда «Челси» Англия кубогының 1/16 финалында «Лутон Таунды» жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті. «Челси» қазіргі уақытта Премьер-лига турнир кестесінде 9-орында тұр.