БҰҰ резолюциясы, Токио және Бейжің Олимпиадасы туралы талқылады.
Томас Бахтың айтуынша, Токио Олимпиадасынан кейін 6 айдан соң қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Мұндай жайт тарихта алғаш рет болып отыр. ХОК екі ірі спорттық іс-шараға дайындалып жатыр.
«Олимпиада ойындары мен барлық жарыстар және іс-шаралар жоспарланған уақытында өтеді. Жапония Олимпиаданы өткізуге дайын. Сондай-ақ елдегі саяси пікірталастарға қарамастан, Қытай да қысқы ойындарды өткізуге әзір», – деді Томас Бах.
Пандемияға байланысты Олимпиада кезінде санитарлық талаптарды сақтау мәселесін жарысқа қатысатын елдер бірлесіп шешуге уағдаласты.