Көкшетауда жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды
Көкшетауда жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды
201
оқылды

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәмханада бірінде жаппай төбелес болған.

Төбелеске қатысқан 2000 және 1999 жылы туған екі көкшетаулық пен СҚО Кішкенекөл ауылының бұрын бірнеше рет сотты болған 37 жастағы тұрғыны ұсталды.

"Дәмхана карантинге қарамастан, түнде жұмыс істеген. Күдіктілер төбелесіп, жарақат алған. Дәмхананың дүние-мүлкін сындырған. Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3 бөлігі («Бұзақылық» – ред.) бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Істің мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы