Университет үздік тәжірибелерді енгізу жұмысын жалғастырып жатыр
Университет үздік тәжірибелерді енгізу жұмысын жалғастырып жатыр
257
оқылды
Белсенді трансформациялау кезеңінде университет білім беру процесіне үздік тәжірибелерді енгізу жұмысын жалғастырып жатыр. Энергетикалық секторды жоғары кәсіби кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру бағытында С.Өтебаев атындағы АтМГУ-де МВА бағдарламасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Онлайн байланыс арқылы ұйымдастырылған шараға ҚР Энергетика министрі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев, СКОЛКОВО Мәскеу басқару мектебі энергетика Орталығының атқарушы директоры Ирина Гайда, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті директорлар Кеңесінің Төрағасы Ұзақбай Қарабалин  және Университеттің Индустриалдық Комитет мүшелері, МБА бағдарламасының тыңдаушылары қатысты. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жаңа бағдарламаның алғашқы қатысушыларына сәттілік тілеп, өзінің Мәскеуде МВА оқыған кезінде алған білімі мен тәжірибесі өмір жолында көп көмектескенін айтты.
-Бұл бағдарлама тек өңірдің ғана емес, тұтас еліміздің индустриясына ұлттық кадрларды даярлауға ықпал етеді деп үміттенеміз,-деп атап өтті Университет ректоры Гүлзада Шакуликова.
Бүгінде көшбасшыны тек үздіксіз кәсіби және жеке даму ғана ерекшелендіреді. Deo - design executive officer түсінігі қолданысқа енді, ол - проблемаларды шешетін стратегиялық көшбасшы мен шығармашылық тұлғаның қосындысы. Бұл көшбасшылар ешқандай кедергілерге қарамастан жетістікке жетуге мүмкіндік беретін сипаттамаларға, мінез-құлыққа және менталитетке ие. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіндегі МВА бағдарламасы өз мансабын одан әрі дамытуды жоспарлайтын, сонымен қатар жалпы қоғамның дамуына өз үлесін қосуға тырысатын DЕО мақсатты көшбасшыларына арналған. МВА мақсаты - ұлттық деңгейде де, жаһандық экономикада да жұмыс істеуге, мықты шешімдер қабылдауға, жауапкершілікті алуға және стандартты емес әрекет етуге қабілетті дамыған көшбасшылық және коммуникациялық дағдылары бар жаңа буынның жоғары кәсіби бизнес көшбасшыларын оқыту. Біздің МВА бағдарламасының бірегейлігі - өзектілігінде және тәжірибелік бағытында, қазақстандық және шетелдік ірі компаниялардың тәжірибелі оқытушылары мен танымал сарапшылар (салалар), модульдік нысан жұмыстан қол үзбей оқытуды, шетелдік тағылымдаманы, коммуникациялық мүмкіндіктерді кеңейтуді көздейді. Кез келген мемлекеттің дамуының негізі - білім мен ғылым. Жоғары білім беру саласы жасампаз шығармашылық кәсіби мамандарды дайындап, ел игілігіне қызмет істеуге жұмылдыруды мақсат етеді. Қазақстандық білімді білім берудегі әлемдік көшбасшылардың деңгейіне шығару - Мемлекет басшысы жүктеген міндеттің бірі. Бұл ретте МВА бағдарламасының қосатын үлесі зор деп білеміз.