Қар құрсауынан 5 адам құтқарылды
Қар құрсауынан 5 адам құтқарылды
5,145
оқылды
Кеше Алматы облысы ТЖД күшімен адамдарды құтқару жұмыстары ұйымдастырылған.

ТЖД қызметкерлері Сарқан ауданында жеңіл көлікпен қар құрсауында қалып қойған 5 адамды қауіпсіз жерге жеткізді.

 
"Авариялық-құтқару операциясы Сарқан ауданында Матай ауылынан 40 шақырым жерде жүргізілді. Онда келіп түскен ақпаратқа сәйкес 27 қаңтарда сағат 17.40-та жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Автокөлік ішінде болған 5 азамат эвакуацияға мұқтаж болды. Жедел деректерге сәйкес, түнгі сағат 24.00 шамасында Алматы облысы ТЖД 4 қызметкері 1 бірлік техниканың көмегімен жоғарыда аталған аймақта қалған барлық азаматты Матай ауылына эвакуациялады. Олардың ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеді", – делінген хабарламада.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан елді мекеннен шыққан кезде сақтық ережелерін сақтауға шақырады.