Алдағы онжылдықта көптеген маман жұмыссыз қалады, — деп хабарлайды «Хабар 24».
Дереккөздің жазуынша, олардың орнын роботтар алмастыратынын кореялық профессор Чон Дже Сын айтты.
Оның айтуынша, келесі онжылдықта ғалымдар блокчейн мен жасанды интелекті біріктіре алады.
Осының арқасында машиналар адам баласының қолынан келмейтін жұмысты атқаратын болады. Профессор төртінші өндірістік революция жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, бірақ бұл еңбек нарығына үлкен қауіп төндіреді деп санайды.
Мысалы, өздігінен жүретін көліктер пайда болғандықтан, жүргізуші мамандығының қажеті болмайды. Дегенмен жасанды интеллект адамның ой-санасын толығымен ауыстыра алмайды. Ғалымның пікірінше, бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындау үшін мектептерде қазірден бастап оқыту әдістерін өзгертіп, ата-аналар балаларына көбірек көңіл бөлуі керек.