Жылу құбырынан әйелдің мәйіті табылды
Жылу құбырынан әйелдің мәйіті табылды
181
оқылды

Павлодар қалалық полиция басқармасының мәліметінше, Қабылдау-тарату орталығына бір айда 157 адам жеткізілді. Аязды күндері құжаты жоқ 40 адам осында түнеген.

Павлодар қалалық полиция басқармасының қабылдау-бөлу бөлімінің бастығы Аман Әбілбейісовтің айтуынша, қоқыс жағалап, күнелтетіндер көп. Орталықтан кетіп қалып, ешқашан оралмайтындар да болады. Мамандар қаңғыбастарға құжат әперу, жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселелерін шешуге көмектеседі. Бірде Татьяна есімді 42 жастағы әйел жеткізілген. Ол шамамен он екі жылдан бері қаңғыбас атанған.    width=

Ал 26 қаңтар күні полицейлер Екібастұзда Королев-Әуезов көшелерінің қиылысындағы жылу құбыры жанынан әйелдің мәйітін тапты. Зағип әйелдің кім екені сараптамадан соң анықталды.