Алматыда Bek Air компаниясының ұшағы құлады деп хабарлады Денис Кривошеев Facebook парақшасында.
«Алдын ала ақпарат бойынша Алматы әуежайынан ұшқан БекЭйр әуе компаниясының ұшағында мәселелер болған. Борт Нұр-Сұлтанға z9 2100 рейсін орындаған. Қызыл ту ауылы бағытында құлаған.
Толығырақ анықтап жатырмын. Жараланғандар бар", - деп жазды блогер Кривошеев.
«Шұғыл хабарлама. Бүгін Алматыдан-Нұр-Сұлтанға қатынайтын Бек Эйр әуе компаниясының 2100 рейсі жоспар бойынша 7:05-те ұшып, радардан жоғалып кетті. Бортта 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған», - деп хабарлады Алматы әуежайы.