Қостанайда 28 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Қостанайда 28 жастағы жігітті өлтіріп кетті
121
оқылды

Қостанай облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Рудный қаласында болған.

Рудный қаласының 28 жастағы тұрғынының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер 48 жастағы күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотталған. Күдікті төбелес кезінде 28 жастағы жігітке пышақ сұғып алған.

Тергеушілер оқиғаның себебін анықтап жатыр.