Коронавирусқа қарсы вакцина кімдерге салынады?
Коронавирусқа қарсы вакцина кімдерге салынады?
695
оқылды
Вакцинация елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып кезең-кезеңімен жүзеге асады. Бірінші кезеңде, яғни ақпаннан медицина қызметкерлері, инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық жәрдемнің қызметкерлері егу салдырады. Екінші кезеңде наурыздан бастап педагог, күш құрылымдарының қызметкерлері, сәуірден бастап студенттер вакцина салдырады. Алайда, вакцинация 18 жасқа толмаған балаларға салынбайды. Себебі вакцинаның әсері 18 жасқа дейінгі балаларға тексерілген жоқ. Жыл соңына дейін барлығы 6 млн адамға вакцина салынады деп жоспарлануда. Оның 2 миллионын жылдың бірінші жартысында қамтымақ. Ақпанда – 100 мың, наурызда – 150 мың, сәуірде – 600 мың адамға салынады. Үкімет сәуірден бастап қазақстандық QazCovid-In вакцинасы егілетінін мәлімдеді. QazCovid-In сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр. Үш мың еріктіге екпе салынды. Олар қазір бақылауда. Вакцина (2)  width= Вакцина салынар алдында қандай тексеріс жүргізіледі? Вакцинация профилактикалық егуге қарсы көрсеткіші жоқ адамдарға рұқсат етіледі. Вакцинация жүргізер алдында дене температурасын өлшеу, эпидемиологиялық анамнезді жинау, сатурацияны, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялау және жұтқыншақты тексеру арқылы дәрігер міндетті түрде тексеру жүргізеді. Егер температура 37°C-тан жоғары болса вакцинация кейінге қалдырылады. Вакцина қабылдауға келген адам 2018 жылғы 13 маусымдағы  №361 Санитариялық қағидаларға сәйкес нысан бойынша ерікті түрде жазбаша ақпараттандырылған келісімге немесе профилактикалық егуді жүргізуден бас тартуға қол қояды.  width= Вакцина кімдерге салынбайды? «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекске сәйкес әрбір азамат жазбаша түрде вакцинациядан бас тартуға құқылы. Вакцинация екі кезеңде жүргізіледі: I компонентімен 0,5 мл дозада, содан кейін 21-ші күні, II компонентімен 0,5 мл дозада салынады. СОVID-19-ға қарсы вакцинацияны 18 жастан асқан ересектерде СОVID-19-ға қарсы вакцинация ерікті келісіммен медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ азаматтарға салынады.  width= Вакцина кімдерге салынбайды? Коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға қарсы көрсеткіштер мынадай:
  • вакцинаның қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдық;
  • анамнездегі ауыр аллергиялық реакциялар;
  • жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, созылмалы аурулардың өршуі;
  • жүктілік және емшек емізу кезеңі;
  • 18 жасқа дейінгі балаларға.
«Спутник V» вакцинасы тиімді ме? Денсаулық сақтау министрлігі бірінші кезеңде 1 ақпаннан бастап елде ресейлік «Спутник V» екпесі салынатынын мәлімдеді. Ақпан айының басында 20 мың дозаға дейінгі көлемде ресей өндірісінің  «Гам-Ковид-ВАК» (Спутник V) бірінші партиясы әкелінеді деп күтілуде. Бұл вакцина Қарағанды фармацевтика кешенінде де әзірленіп жатыр. Қазірдің өзінде 90 мың доза көлемінде бірінші партияның өндірісі басталды. 26 ақпаннан бастап Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына және одан әрі өңірлерге жөнелтіледі. Кейіннен шілде айына дейін өндіріс көлемі 2 млн дозаға дейін жеткізіледі. Алдын ала дерек бойынша аталған вакцинаның тиімділігі шамамен 92%. Яғни, иммундық жүйе вирусты таниды антиденелер пайда бола бастайды. Аурумен күресу үшін пайда болатын ақуыздар, вирусты есте сақтайды және егер вирус қайтадан денеге енсе, онда иммундық жүйе дереу әрекет етеді де оны жояды, оның көбеюіне және аурудың тудыруына жол бермейді. Ресейлік вакцина жайында не білеміз? Ресейлік «Спутник V» вакцинасы Ресей Федерациясында мемлекеттік тіркеуден өткен. Ресей Федерациясының тікелей инвестициялар қорының мәліметінше, 50-ге жуық ел осы вакцинаны сатып алуға өтініш берген, ал Алжир, Аргентина, Беларусь, Боливия, Палестина, Түркіменстан, Венгрия, Парагвай және Венесуэлада бұл вакцинаны ресми түрде тіркелді. Еуропа одағы ресейлік вакцинаны тіркеу мәселесіне ниет бідірген жоқ. Ел қазынасынан «Спутник V» вакцинасын сатып алуға 16,8 миллиард теңге (40 миллион долларға жуық) жұмсамақ. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелмеген дәрілік заттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы бар дәрілік заттың сапасын растайтын өндіруші құжатының электрондық көшірмесі (талдау сертификаттары немесе сынақ хаттамасы немесе сапаны бағалау көрсеткіштері бар сапа паспорты) болуы міндетті. QR – код не үшін керек? Әр адамның иммундық мәртебе туралы ақпараты бар QR-кодты енгізілген вакцинациялаудың электрондық паспорты әзірленді. Вакцинация жүргізу туралы деректер Министрліктің орталықтандырылған ақпараттық жүйесінде электрондық форматта жүргізіледі. Бұл вакциналанған адамдардың санын есепке алуға және вакцинация көлемін жоспарлау және сырқаттанушылықты болжау үшін болашақта халықтың иммундық мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.