Белгілі актриса Әсел Сәдуақасова желіде оқырмандарымен сырласып, ажырасқаннан кейінгі өмірін баяндады.
Қайғыру - жеңілдеудің жалғыз жолы: Әсел Сәдуақасова бүгінгі жағдайы туралы айтты
Әлеуметтік желідегі парақшасынан
385
оқылды

 Өнер иесі жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп жазады Aikyn.kz.

Әсел Сәдуақасова ажырасқаннан кейін жеке өмірінде қандай жаңалықтар болып жатқанын әңгімеледі. Өнер иесі әзірге жаңа қарым-қатынас бастауға дайын емес екенін жеткізді.

"Өткен қарым-қатынасқа барынша бір тамшы реніш қалмайтындай қайғырып алған жөн. Басыңнан өткен оқиғадан қашып құтыла алмайсың. Тәуелділік пен жаңа қарым-қатынас та көмектеспейді. Қайғыру жеңілдеудің жалғыз жолы. Содан кейін ғана қарым-қатынасты толығымен жібересің", - деп жазды актриса.

Оған қоса кино жұлдызы жолдасы екеуінің ажырасуына жас айырмашылығы әсер еткені туралы пікірге жауап берді.

"Менің ойымша олай емес. Тіпті жасымызға мән бермедік. Біздегі айырмашылық – көзқарас. Өмірге деген көзқарасымыз әртүрлі болды. Күн сайын екі түрлі пікір кедергілерді алдымыздан шығара берді. Арты осылай аяқталды", - деді Сәдуақасова.