Спортшылардың өмірін жалмаған әуе апаттары
Спортшылардың өмірін жалмаған әуе апаттары
441
оқылды

Әлем жұртшылығын дүрліктерген әуе апаттары туралы айтудың өзі ауыр. Қанша «авиация ең қауіпсіз қозғалыс көлігі» десек те, ұшақтардың апатқа ұшырағаны жайлы деректер жыл сайын бірнеше рет тіркеледі. Өзге мамандық иелерін айтпағанның өзінде «аспанның алып кемесінде» талай мықты спортшылар көз жұмды. Ұзынсонар тізімге көз жүгіртсең, жүрегің ауырады.

Осыдан бір жыл бұрын 26 қаң­тар күні спорт әлемі әйгілі спорт­шы Коби Брайанттан айырыл­ды. АҚШ-тан жеткен қа­ра­лы хабар әлем жұртшылығын есеңгіретіп тастады. Баскетболшы Калифорния штатына тиесілі Кала­басас қаласында болған тік­ұшақ апатында қаза тапты. Әуе­көлігі Лас-Вирдженске жақын ма­ңайдағы ауданда апатқа ұшы­ра­ды. Борттағы баскетболшының қызы Джанна Мария, пилотпен бірге тағы да 6 жолаушы жан­тәсілім етті. Бұл – 2020 жылы бол­­ған спорттағы ең ауыр қа­ заның бірі. 2019 жылдың 21 қаңтарында да аргентиналық шабуылшы, фран­циялық «Нант» командасы­ның бұрынғы ойыншысы Эмил­иа­но Сала мінген жалғыз мо­торлы ұшақ Ла-Манш бұғазында радардан ғайып болған-ды. Ұшақтың апатқа ұшырағанына да 2 жылдан аса уақыт өтті. Нант қа­ла­сынан Кардиффке бағыт ал­ған ұшақтағылардың барлығы қаза тапты. 2010 жылдан 2019 жыл­ға дейін Франция чем­пионатында доп тепкен Сала сол уақытта ағылшындық «Кардифф» командасымен жаңа келісім­шартқа қол қойған еді. Алайда фут­болшының ғұмыры жаңа клуб­қа жетпей  үзілді. Кори Фултон Аталған ұшақ апаттары осы­дан екі-үш жыл бұрын болған­дықтан, спорт жанкүйерлері бұл оқиғаларды ұмыта қоймады. Тіпті, кейбірі әлі күнге дейін бұл спортшылардың жоқ екеніне де сенгісі келмейді. Өткенге шегініс жасасақ, мұндай әуе апаттарының бірқатары ойға оралады. Біз осы ретте мыңдаған спортшылардың өмірін жалмаған ұшақ апаттарын еске алып, 2000 жылдардағы қайғылы оқиғаларды шолып шықтық. 2001 жылы 7 қаңтарда Окла­хома Стейт университетінің бас­кетбол командасының 10 мүшесі Колорадо штатындағы әуе апаты­нан қаза тапты. Клуб мүшелері мен ойыншылары Колорадо университетінің командасына қарсы ойыннан кейін үйлеріне қайтып келе жат­қан. 2006 жылы 11 қазанда «Нью-Йорк Янкиз» бейсболшысы Кори Фултон Лайдл мінген ұшақ Нью-Йорктағы 42 қабатты үйге со­ғы­лып, апаттан пилот та, спортшы да көз жұмды. Сондай-ақ көп­қабатты үйде өрт тұтанып, сал­дары­нан бірнеше пәтер зақым­данды. 2008 жылы 24 тамызда Бішкектен Иран астанасы Тегеранға бағыт алған Boeing-737 ұшағы қырғыз елінің аумағында апатқа ұшырады. Әуе апатынан 90 адамның 65-і қаза тапты. Олар­дың арасында волейболдан Иран құрамасының 10 мүшесі болды. 2009 жылы 15 шілдеде Иранда жергілікті «Каспиан Эйрлайнс» әуекомпаниясының Ту-154 ұшағы апатқа ұшырады. 168 адам ажал құшты. Олардың ара­сында дзюдодан Иран жас­өспірімдер құрамасының спорт­шылары болды. 2011 жылы 7 қыркүйекте хоккей тарихындағы ең ірі әуе апаты болды. «Як Сервис» әуекомпаниясының Як-42 ұшағы Ярославск облысы Туношна әуежайынан ұшып шыққан кезде құлады. Ұшақ бортында «Локо­мотив» хоккей командасы (Ярос­лавль) болған. Апат салдарынан 36 ойыншы мен спорт шенеу­нік­тері, сондай-ақ жеті экипаж мү­ше­сі қаза тапты. Тағы бір хоккей­ші Александр Галимов ауруханада қайтыс болды. 2015 жылы 9 нау­рыз­да Аргентинаның Ла-Риоха провин­циясында экстремалды реалити-шоудың түсірілімі ке­зінде екі тік­ұшақ бетпе-бет келіп, нәти­жесінде 10 адам көз жұмды. Ұшақ ішінде жүзуден 2012 жылғы Олим­пиада чемпионы, 2008 жыл­ғы ойындардың қола жүлдегері Камиль Мюффа, боксшы Алек­сис Вастин және атақты яхташы Флоранс Арто да болды. 2016 жылы 29 қарашада бортында Бра­зилияның «Шапекоэнсе» клубы­ның футболшылары мінген ұшақ Колумбияның Меделлин қаласы­ның маңында құлады. Бортта 70-ке жуық жолаушы мен 9 эки­паж мүшесі болған. Апаттан 5 адам ғана тірі қалды. Бра­зилиялық команда «Атлетико Насиональға» қарсы Оңтүстік Америка кубогының алғашқы финалдық матчын өткізу үшін бара жатқан. Бұл тек 2000 жылдардағы әуе апаттары. Ал тарихқа кері шегініс жасасақ, өткен ғасырдың 40-жыл­дарынан бастап ұшақ апат­тары­нан спортшылар мен спорт ма­ман­дарының ғұмырлары ерте үзілгеніне көз жеткізесің. 1948 жылдың 18 қарашасында Ла-Манш бұғазында болған әуе апатынан сол кездегі Чехо­словакия құрамасының 6 хок­кейшісі көз жұмды. 1949 жылдың 4 мамырында «Торино» футбол клубының ұшағы Португалиядан қайтып келе жатып, Турин қала­сына жақын жердегі тау шат­қалына соғылып, команданың жүрегі саналған капитан Мац­цоланы қоса есептегенде 18 фут­болшының өмірін қиды. 1950 жыл­дың 5 қаңтарында Сверд­ловскідегі ауа райының қолай­сыздығы Ли-2 ұшағының апатқа ұшырауына себеп болып, борт­тағы КСРО ӘӘК 8 хоккейшісі, бапкер, дәрігер қаза тапты. 1958 жылдың 6 ақпанында болған Мюнхендегі әуе апаты да әлемді дүр сілкіндірген оқиғалардың бірі ретінде тарихта қалды. Бри­танияның British European Airways әуекомпаниясына тиесілі Airspeed AS.57 Ambassador ұша­ғына мінген Еуропа чем­пиондары кубогының ширек финалдық ойынында Белградтың «Црвена Звезда» клубымен кездескен «Манчестер Юнайтед» коман­дасы­ның мүшелері апатқа ұшыра­ды. Ұшақта болған 44 адамның 24-і көз жұмды, оның 8-і футбол­шылар. футбол 1960 жылдың 16 шілдесінде де Копенгаген қаласының маңын­дағы Каструп әуежайына қонбақ болған әуекемесі апатқа ұшырап, 8 адамның өмірі қиылды. Олар­дың бәрі де Данияның екінші құрамасының футболшылары болатын. 1961 жылдың 15 ақ­панында Нью Йорк – Брюссель бағытымен ұшып келе жатқан Boeing 707 ұшағынан ақау шығып, Sabena компаниясына тиесілі әуекемесінде болған 72 адамның бірде-бірі аман қал­мады. Борт­тағы мәнерлеп сыр­ғанаудан АҚШ құрамасы (34 спортшы мен бап­кер) Прагадағы әлем біріншілігіне бара жатқан. Сол жылы чем­пионат өтпеді. Ал 1961 жылдың 3 сәуірінде Чили чемпионатының бірінші диви­зионындағы оңтүстік аймақтың «Грин Кросс» клубы мінген ұшақ Кордильер тауында апатқа ұшы­рап, 24 адам келмеске аттанды. Боливияның ең танымал «Стронгест» клубының 19 ойын­шысы мен басшысы мінген ұшақ 1969 жылдың 26 қыркүйегінде Анд тауларында қайғылы жағ­дайға тап болды. Команда Ла-Пас қаласына келе жатқан. Өкінішке қарай, 74 адам мерт болып, бұл жайт елдегі ең ірі әуе апаты ре­тінде тіркелді. 1970 жылдың 1 сә­уірінде де Краснояр түбінде Ан 24 ұшағы апатқа ұшырап, жол­аушылардың барлығы қаза тапты. Олардың арасында волейболдан жастар құрамасы болған. Ал АҚШ-тың Вирджиниясында 1970 жылдың 14 қарашасында тір­келген әуе апаты 37 спорт­шы­ның өмірін қиды. 1972 жылдың 13 қазанында Чили астанасы Сан­тьягоны бетке алған Мон­тевидеоның регби командасы да өзінің бірқатар ойыншысынан осы тауда болған апатта айырылып қалды. FH 227 ұша­ғында 45 адам болса, соның тек 16-сы тірі қалған. баскетболшы 1979 жылдың 11 тамызында болған әуе апаты да «Пахтакор» клубының жанкүйерлерін қан жылатты. КСРО чемпионаты аясында «Динамомен» кездесу үшін Минскіні бет алған клуб 8 400 метр биіктікте Ту-134 ұша­ғымен соқтығысып, борттағы 17 ойыншы мен бапкерлер қаза тап­ты. 1980 жылдың 14 наурызында Варшава түбінде болған әуе апаты да көпшіліктің жадында. Поль­шаның Ил-62 әуекемесінде бокстан АҚШ құрамасының 22 өкілі, оның ішінде 14 спортшы болды. Қаза тапқандардың жалпы саны 87 адамға жетті. Ал 1987 жылдың 8 желтоқсанында болған қайғылы жайт «Альянс Лимаға» ауыр соққы болып тиді. Ұлттық чемпионаттан қайтып келе жатып Перуден солтүстікке қарай 6 миль жерде, теңіз үстіне құлаған ұшақ­та ойыншылар, команда басшы­лары мен жан­күйерлерді қоса есептегенде 43 адам болған. 1989 жылдың 7 маусымында Амстердамнан шыққан ұшақ Суринам астанасы Парамарибо шаһарындағы әуежайға қону кезінде апатқа ұшырады. Сал­дарынан 23 футболшы көз жұм­ды. Футболдан Замбия құрама­сының 18 аяқдоп шебері 1993 жылдың 27 сәуірінде мерт болды. Қайғылы оқиғалардың қай-қайсысы да әлем жұрт­шылы­ғының қабырғасын қайыстырып, жүрегін сыздатып өткені ақиқат. Апат болған елдер мықты спорт­шылары мен спорт мамандарынан айырылды. Бұл оқиғалар еш­қашан тарих жадынан өшпек емес.

АбылайханАбылайхан ЖҰМАШ