Апатқа ұшыраған ұшақ алғашқы рейсін 1996 жылы орындаған
Апатқа ұшыраған ұшақ алғашқы рейсін 1996 жылы орындаған
191
оқылды

Бұл туралы Би-Би-Си-дің орыс қызметі жазды.

Қазақстанда ұшақ апатқа ұшырады. Ұлттық аза тұту жарияланды, – деп хабарлады bbc.com.

Bek Air әуе компаниясы паркінің құрамына Нидерландыдан шығарылған Fokker 100 орташа қашықтықтқа ұшатын ұшақтар кіреді.

Жалпы, әлем бойынша Fokker 100 ұшағының бірінші рейсі 1986 жылы 30 қарашада жасалған.

Fokker 100 ұшағына 107 жолаушыға дейін сыяды, ол Fokker F28 ұшағының негізінде жасалған.

Осы үлгіде барлығы 283 ұшақ шығарылған. 1996 жылы ұшақтың өндірушісі банкротқа ұшырады.

Ұшақтың бұл түрін көптеген ірі авиакомпаниялар пайдаланады – Alitalia, Lufthansa, KLM, Швейцария және басқалар.

Алматыдағы апатқа ұшыраған ұшақтың (тіркеу нөмірі - UP-F1007) алғашқы рейсі 1996 жылдың сәуірінде жасалған. Яғни, пайдаланылып жүргеніне 23,5 жыл болған.

Қазақтан Үкіметі елдегі әуе кемелерінің осы түрінің рейстері тоқтатылғанын хабарлады. Сондай-ақ Bek Air компаниясының жұмысын уақытша тоқтатты.