Құрылысшы жоғарғы қабатта жұмыс істеп жатқан кезде құрылыс материалы сынып кетіп, жерге құлаған.
Марқұмның туыстары бұған құрылыс алаңында техникалық қауіпсіздіктің сақталмауы себеп болғанын айтады. Қайғылы жағдай түскі 11-12-лер шамасында болған. Құрылысшы сол сәтте жоғарғы қабатта жұмыс істеп жатыпты, – деп хабарлады Астана телеарнасы. Кенеттен құрылыс материалы сынып, жерге құлап түскен.
Марқұм тілге келместен, жан тапсырған. Суық хабарды естіген бойда оқиға орнына дереу жеткен марқұмның ағасы құрылыс алаңында жұмыс істейтін бірде-бір адам болмағанын айтады. Ол жұмыста техникалық қауіпсіздік сақталмағанына ашулы.
"Апалкамен бірге құлаған. Соғанілініптұрғандейді, өзімкөргенжоқпын. Ешқандайқауіпсіздіксақталмаған. Олбіріншіқабаттыжұмысістейтінбалағой. Үстіне шығуүшін корточкасы болуы керек екен. Қауіпсіздіксақталған, ременьболғандейді. Олременьдіқұлағаннанкейіндеілесалуғаболады", –дейдімарқұмныңағасыСәбиҚуанышбаев.
Көз жұмған азамат отбасының асыраушысы, үйінің үлкені екен. Құрылыстың мердігері – "Мейірім" компаниясы. Директордың орынбасары құзырлы орган өкілдері кінәлі деп тапса, өз мойнына алуға дайын екенін жеткізді.
"Бүкілмәселенізаңтұрғысынаншешсін. Қарайық, қазірзерттеулержүргізіліпжатыр. Өйткені, заңбойыншатергеукомитетіқандайүкімшығарады, солүкімбойыншажауапберуге дайынбыз", – деді мердігер компания басшысыныңорынбасарыЕрланӘлиев.
Қалалық құзырлы орган өкілдері қайғылы жағдайға байланысты тергеу жұмыстарын бастап кетіпті. Қазір куәгерлерден жауап алынып жатыр.
https://www.youtube.com/watch?v=59IM73NsHig&feature=emb_logo&ab_channel=%D0%A2%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D0%90%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0%2FAstanaTV