Еліміздің 7 облысында ескерту жарияланды
Еліміздің 7 облысында ескерту жарияланды
5,155
оқылды
"Қазгидромет " РМК 31 қаңтарда 7  облыста дауылды ескерту жариялады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Кей жерлерде солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 15-20 метр жел соғады, екпіні секундына 23-28 метр болады. Таразда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр, кейде секундына 23 метр болады. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік-батыстан 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні секундына 23 метр болады. Түркістан облысында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Дауылдың ықтималдығы 90-95% құрайды. Шымкентте күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Дауылдың ықтималдығы 90-95% құрайды. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Көкшетауда тұман түседі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман түседі. Дауылдың ықтималдығы 85-90% құрайды. Батыс Қаазқстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.