Жетекші партияның жеңісті жылы
Жетекші партияның жеңісті жылы
329
оқылды

Nur Otan партиясы үшін 2019 жыл жемісті әрі жеңіс­ті болды. Партия өзінің 20 жыл­дық мерейтойын атап өтті, 2 съезд өткізді, Қасым-Жомарт Тоқаевтың пре­зиденттік сайлаудағы жеңі­сін атап өтті және жүйелі түр­де партияны «қайта жаң­ғырту» процесін жандан­дыр­ды.

Партия 20 жылдық мерейтойы қарсаңында бірқатар әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүзеге асырды. Бұл туралы 27 ақпанда Тұңғыш Президент – Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен өткен Nur Otan партиясының ХVІІІ съезінде айтылды. Өз кезе­гінде Нұрсұлтан Әбішұлы Қа­зақстанның соңғы 20 жылдағы жетіс­тіктерін еске ала отырып, еліміз­де болып жатқан барлық оң өз­геріс­тердегі партияның рө­лін атап өтті.

– Біздің басымдық бе­ріп отыр­­ған бағытымыз – азамат­тар­­дың лайықты өмір сапа­сын қам­тамасыз ету және Қа­зақ­­­станды әлеуметтік тұрғыда да­­мыған мемлекет ету. Тіпті қиын-қыстау уақытта да біз өзі­міз­дің әлеуметтік міндеттерімізді орын­­дадық. Елде әлеуметтік шы­ғын деңгейі қашанда жоғары болды және алдағы уақытта ол сатылап өсе береді. Әртүрлі бағдар­ламалар, жобалар мен бас­тамалар аясында біздің тара­пымыздан ауқымды әлеуметтік инвестициялар жүзеге асыры­лып келеді. Біз даму үшін шы­ғынды азайтпауымыз керек және көмекке мұқтаждарға қол­дау танытуымыз қажет. Биыл әлеуметтік салаға республикалық бюджет шығынының 45%-ы ба­ғытталды, – деді Н.Назарбаев.

Елбасының XVIII съезде айтқан сөздерін қолдай оты­рып, халықтың әлеуметтік проб­­лемаларын шешуге және әсі­­ресе, ауылдық жерлерде инфра­­құрылымды дамытуға бағыт­талған 4 жаңа партиялық жоба іске қосылды. Бұл «Ба­қытты от­басы», «Халыққа көмек», «Құтты мекен» және «Ауыл – ел бесігі» жобалары.

XVIII съезде, сондай-ақ мем­лекеттік органдарға білім, ден­саулық, инфрақұрылым, көлік, аймақтық саясат және Nur Otan партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасын қа­былдау жөнінде нақты тапсыр­малар да жүктелді.

Сәуірдің 23-і күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен Nur Otan пар­тия­сының ХІХ съезінде сөз сөй­леген Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы кезектен тыс президент сайлауына билік партиясынан кандидат ретінде ұзақ жылдан бергі серігі Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды.

– Мен саналы түрде шешім қабылдадым. Ондай шешім бір күнде немесе бір айда қабыл­дан­байды. Бұған бірнеше жыл бойы дайындалдым. Үш жыл­дан астам уақыт кетті. Жан-жақ­ты зерделеп, келешекті бағам­дап, өткенді са­раладым. Осы уақытқа дейін тәрбиелеген және әрқайсысына сенім арт­қан кадрларды қарай келе осын­дай шешімге келдім, – деді Н.Назарбаев өзі жетекшілік еткен партия съезінде.

Елбасы елдегі жоғары лауа­­зымға лайықты үміткер бол­ған Қасым-Жомарт Тоқаев еке­нін, оның Отан алдындағы сіңір­ген еңбегі мен жетістіктерін де ай­туды ұмытпады. Бұдан кейін съезде сөз алған же­тек­ші пар­тияның мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаев­тың кандидатурасын бірауыздан қолдап, президент сайлауына партия атынан түсетін үміткер ретінде бекітті.

Нұрсұлтан Назарбаев пар­тия таңдаған саяси және эко­но­микалық бағыттың сабақ­тас­­тығын және алға қойылған бар­лық міндеттерді жүзеге асы­ру­­дың кепілі болуы ке­рек екен­­дігіне баса назар аудар­ды. Билік партиясынан канди­даттың сайлауалды науқаны­ның аясында барлық аймақтық, ау­мақ­тық фи­лиалдар мен бастауыш партия ұйым­дары қатысқан кең ауқымды #BIRGE науқаны өт­кізілді. Рес­публикалық және ай­мақтық дең­гейде кандидат­тың штаб-пәтері мен сенім біл­дірілген адамдары 113 мың­нан астам іс-шара өткізді. Нәтижесінде қазақстандық сай­лаушылардың 70%-дан астамы Nur Otan партиясынан сайлауға түскен кандидатқа дауыс берді.

Сайлаудан соң 21 тамызда елор­дада Тұңғыш Президент – Ел­басы Нұрсұлтан Назар­баев­тың төрағалығымен
Nur Otan партиясы Саяси кеңе­сінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын­ға төрағалық еткен Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі жетекші партияның Тәуелсіздік жыл­дарында атқарған жұ­мыс­тарына оң баға беріп, оның бар­лығын халық көріп отырға­нын айтты. Кеңесте күн тәр­ті­біне сәй­кес партия бағдарлама­лары­ның орындалу барысы, партия жұ­мысын жаңғырту мен алдағы кезеңге арналған жұмыстың ба­­сым бағыттары қаралып, Сая­си кеңес бюросының құ­ра­­мына өзгерістер енгізу мә­се­­­лесі талқыланды. Отырыс ба­­­ры­сында Елбасы бар­лық аза­­­мат­ты мемлекеттің өткір әлеу­­­­мет­тік-экономикалық проб­­­­ле­­ма­ларын шешу үшін пар­­­тия­ға қосылуға шақырды. Сон­дай-ақ ел аймақтарындағы аза­маттардың проблемаларын шешуде партияның жұмысын жандандыру қажет екенін айтты.

Бұл ретте партияны жүйелі түрде «қайта жаңғырту» процесі өте қызу жүретінін атап өткен жөн. Nur Otan кең ауқымды мо­дернизация басталғаннан кейін, яғни 2 ай өткен соң, елдің барлық саяси бірлестіктерінің ішінде бірінші болып пилоттық режимде партияның кадрлық резервіне іріктеу өткізді. 14 қа­ла мен ау­данда партияға жаңа, белсенді мүшелер қабыл­данды және олар өз аймақ­та­рының проблемалары мен ерек­ше­ліктерімен жақсы таныс болды.

Партияның облыстық фи­лиалдары төрағаларының бі­рінші орынбасарлары ауыс­тырылды, партиялық бақылау комитетінің және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қо­ғамдық кеңестің басшы­лы­ғы жаңартылды. Алдымен мә­сли­хаттардың депутаттық фракция­ла­рының отырыстарында әкім­­­дердің аумақтық даму бағ­дар­­ла­маларының орындалуы тура­лы есептері тыңдалды. Қо­ғам­дық қабылдаулар жұмы­сын едәуір күшейтті. Мәсе­лен, Респуб­ли­калық Қоғамдық қа­былдау бөл­месінде азамат­тарды іс жүзінде күн сайын ор­талық атқарушы органдардың бас­шылары ғана емес, Пар­ламент депутаттары да қабылдады.

2019 жылдың 25 қарашасында партияның соңғы үлкен оты­рысы – Елбасының Nur Otan пар­тиясының облыстық фи­лиал­­­дарының өкілдерімен кездесуі өтті.

– Nur Otan біздің қоғамы­мыз­дың алуан түрлілігін көр­сетеді. Біз – ел болашағына жауап­ты бүкіл Қазақстан хал­қы­ның партиясымыз, нақты іс­тер партиясымыз. Бізде Қа­зақ­стан­ның дамуына қатысты нақты ұстаным бар, тиісті стратегия мен жұмыс жоспарлары бекітілді, қажетті ресурстар қарас­ты­рылған, – деді Қазақстан­ның Тұңғыш Президенті.

Сонымен қатар Партия Төра­ғасы қоғамды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт То­қаевтың төңірегінде топтастыру­дың және Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін шаралар қабылдау­дың маңызына тоқталды.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы табыс­тары туралы айтып, елдің барлық жетіс­тіктері партиямен және пар­тия мүшелерінің күн­делікті жұ­мысы­мен тығыз бай­ланысты екенін атап өтті.

– Соңғы жылдары Қазақ­станның жалпы ішкі өнімі 11 млрд-тан 170,5 млрд долларға дейін өсті. 90-жылдардың ба­сында халықтың үштен бірінен көбі кедейлік шегінде өмір сүретін. Бүгінде бұл көрсеткіш 4,6%-ға дейін төмендеді. Шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 27% құрайды. Біз 300 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тарт­тық. Осы жылдар ішінде Қа­зақстан­ның транзиттік әлеуе­тін едәуір нығайта алдық, – деді Елбасы.

Сондай-ақ Тұңғыш Прези­дент Қазақстанның 2050 жыл­ға дейінгі даму страте­гия­сының негізгі ба­сымдық­тарын алға жылжыту және түсіндіру бойынша жұ­мысты ұйымдастырудың маңы­зына назар аударды. «Біз нақты істің партиясымыз» деген Елбасы партия тарапынан нақты істі бастауға, оны аяғына дейін жет­кізуге мүмкіндік мол екеніне ерекше сенім білдірді.